Америкалық Tуson Foods пен қазақстандық Kusto Group Алматы облысында ет комбинатын салады

18:09, 14 ақпан 2020

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов америкалық Tуson Foods пен қазақстандық Kusto Group компаниясы және облыстағы ірі шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті. Жиында айтылғандай облыс аумағында аталған екі компания құны 300 млн долларлық ет комбинатын салады. 

4 мың адамды жұмыспен қамтитын комбинат екі ауысымда 2 мың ірі қара сояды. Облыс әкімі комбинаттың іске қосылуы үшін мемлекеттің қолдау білдіретінін айтып, орынбасарларына жоба бойынша тыңғылықты жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Tyson Foods Inc компнаниясының сиыр етін өндіру бойынша бас директоры Шэйн Миллердің айтуынша компания 4 бағытта жұмыс істейді. АҚШ-та 6 ет комбинаты бар, жылына 7,6 млн ірі қара еті өңделеді, өнімі әлемнің 80 еліне таралады.  Өткен жылы компанияның айналымы $42 млрд асқан.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!