Amazon басшысы Джеф Безос кезекті рет әлем тарихындағы ең бай адам деп танылды

15:11, 17 шілде 2018

Алматы. 17 шілде. 7kun.kz – Amazon.com  онлайн-ритейлероның негізін қалаушысы және CEO  Джефф Безос тағы да әлемнің ең бай адамы атанды – оның байлығы $150 млрд құрады, деп хабарлайды Bloomber. 

Оған қоса, Д. Безос енді заманауи тарихтағы ең бай адамға айналды, себебі оның қазіргі байлығы инфляцияны ескергендегі Билл Гейтстің 1999 жылғы деңгейінен де асып түсті. Ол кезде Microsoft  негізін қалаушысының қаражаты $100 млрд сәл асқан болатын, ал бұл қазіргі ақшамен есептегенде шамамен $149 млрд құрайды.  

CNBC жариялаған деректер бойынша, Дж. Безос бағындырмаған тағы бір рекорд бар – бұл АҚШ ЖІӨ пайызы бойынша байлық көрсеткіші. АҚШ-тағы тұңғыш миллиардер Джон Рокфеллердің байлығы 20 ғасырдың басында Штаттар ЖІӨ-гің 2%-ға жуығын құраған. Бұл көрсеткішпен теңесу үшін Amazon басшысының есепшотында $350 млрд жуық қаржы болуы тиіс. 


Дж. Безостың әлемдегі миллиардерлер тізімінде топ бастауына  Amazon  акцияларының қарқынды өсуі себеп болып отыр – жыл басынан бері компанияның капиталдандыруы 55%-ға артып, $880 млрд дейін жеткен. 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!