Алты елдің басшысы Нұр-Сұлтанға келеді

12:56, 27 мамыр 2019
224

Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz — Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Молдова, Тәжікстан президенттері және Армения премьер-министрі Қазақстанның астанасында өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысына қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелерін және одан әрі дамудың перспективаларын, соның ішінде цифрлық күн тәртібі мен Одақтың халықаралық қызметінің негізгі бағыттарының жүзеге асырылуын қарастырады. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтың 2019-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттарын талқылайды.

Саммит қорытындысы бойынша Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше-мемлекеттер басшыларының ЕАЭО туралы шарттың 5-жылдығына орай бірлескен мәлімдемесін қабылдау, сондай-ақ бірқатар халықаралық құжаттарға қол қою жоспарланған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!