Алматының үздік тауары 29-31 шілдеде анықталады

06:06, 26 шілде 2022

29, 30, 31 шілдеде Алматы қаласы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді. Қатысуға 100-ге жуық алматылық компания өтінім берді.

Өңірлік көрме-байқау: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» үш номинация бойынша өтеді. Әр номинацияда үш жеңімпаз анықталады. Шара Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен өтеді. 

Өңірлік іріктеу жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін республикалық байқауға қатысады.

Көрме-байқаудың қонақтарын концерттік бағдарлама мен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны күтеді. 

Өтетін күні мен орны: Ашылу салтанаты 29 шілде, 10:00, Тимирязев 42 мекенжайында орналасқан «Атакент» Қазақстанның іскерлік ынтымақтастық орталығы, 10-павильон.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!