Алматының атын өзгертуден де маңызды мәселелер бар

23:09, 15 желтоқсан 2019

Ақын Олжас Сүлейменовтың Президентпен кездесуінде Алматы қаласының атын Алма-Ата деп өзгерту туралы пікірі көпшіліктің талқысына түсті. sputniknews.kz сайты Сүлейменовтың бұл ұсынысын «Президент пен Алматы қаласының әкімі қолдаған», деп жазған еді.

Артынша Президенттің кеңесшісі Ерлан Карин Telegram-каналында «Олжас Сүлейменов оңтүстік астананың атауын өзгерту керек деген ойды бұрыннан қолдап келеді. Алайда оны Президентпен кездесуде айтуы арқылы Мемлекет басшысы оны қолдайды деген сөз емес. Президент Алматы дамуына қатысты басқа да маңызды мәселелерге бар күш-жігерді жұмсауға шақырған. Ол мұны 29 қазанда қала активіне де айтқан еді», — деді.

«Президенттің ойынша, маңызды мәселелер мәжілістен тысқары уақытта шешілмеуі керек, сондай-ақ азаматтардың пікірі ескерілу арқылы, қала тұрғындарының көптеген бөлігі қолдаған жағдайда ғана шешім қабылданады», — деді Карин. 

Ал Бақытжан Сағынтаев болса «Мен бұл мәселені қарастырмағанымды айтқым келеді және әкімдіктің күн тәртібінде бұл мәселе жоқ», деп жазды instagam парақшасында.

«Қазіргі уақытта біз қала үшін Президент Қ.Ж. Тоқаевтың алға қойған кешенді міндеттерін шешу жолында жұмыс істеп жатырмыз. Жақында қабылданған «Алматы 2050» Стратегиясын, қысқа және орта мерзімді жоспарларды іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізудеміз», деп жазды ол.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!