Алматылықтар мамырда медициналық сақтандыруға 2 млрд теңге аударды

11:00, 11 маусым 2019

Алматы. 11 маусым. 7kun.kz — Мамыр айында Алматыдағы жұмыс берушілер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2 миллиард теңгеге жуық жарна аударды, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 1800 алматылық бірыңғай жиынтық төлем төледі. Одан сақтандыру қорына 3 млн теңгеден астам қаржы түсті.

Жалпы, жаңа жүйе іске қосылған 2017 жылдың шілдесінен 2019 жылы мамыр айының соңына дейін Алматы қаласынан түскен жарна мөлшері 36,8 млрд теңгеден асты. Бұл – республика бойынша жинақталған соманың бестен бірі. Оның 34,4 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы қызметкерлер атына жасаған аударымдары.

Еске сала кетейік, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетіне кіретін қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.  

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!