Алматылықтар криминогендік жағдайға алаңдаулы

11:31, 17 шілде 2019
269

Алматы. 17 шілде. 7kun.kz — Алматы қалалық полиция департаменті (ПД) қызметкерлердің жаяу патрульдеуін күшейтті. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қалалық ПД-мен кездесуі барысында белгілі болды.

«Полиция департаментінде болған кездесуде мен қылмыстық жағдайға уақыт бойынша, апта күндері мен қылмыс орындары бойынша талдау жүргізуді тапсырдым», — делінген Facebook-те жарияланған Бақытжан Сағынтаевтың хабарламасында.

Сондай-ақ, әкім полиция машиналарының қолайсыз қауіпті аудандардағы аулаларға кіруін болжайтын автопатрульдеу схемасы өзгергенін айтты.

«Осыған байланысты тұрғындардан көшелер мен аулалардағы жағдай өзгергендігі туралы хабарлауын сұраймыз. Қаламыздағы тәртіпсіздіктерді сырттай бақылауға болмайды. Бұл міндет халықтың жаппай қатысуынсыз шешілмейді », — деді әкім.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!