«АлматыЭнергоСбыт-қа» 29 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

15:43, 24 сәуір 2018
411

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz – «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ға электр энергиясын заңсыз өшіргені үшін 29 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz.

Алматы қаласы Департаментінің тексеру нәтижелері бойынша «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің әрекеттері бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылыққа жататындығы анықталды.

«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 7-тармағына сәйкес, электр энергиясының тұтынушыларын ішкі қажеттіліктерге қолданбай заңсыз ажыратқаны үшін үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану туралы», – деп атап өтті ведомство.

Әкімшілік іс өндірісті қысқарту тәртібімен басталды, компанияға 29 304 424 теңге көлемінде айыппұл салынды. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС айыппұлды толығымен төледі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!