Алматыда жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтті

10:32, 16 сәуір 2019
422

Алматы. 16 сәуір. 7kun.kz — 13-14 сәуір күндері Алматыдағы «Достық Плаза» СОО-ның көрме алаңында жылжымайтын мүлік нарығындағы екінші ауқымда шара — #Expohomsters өтті. Іс-шараны OLX.kz және Homsters.kz ұйымдастырды. 

Шара қонақтары тұрғын үй кешендері, қаржыландыру бағдарламалары туралы өзекті және сенімді ақпарат алды, сондай-ақ құрылысшылардан ағымдағы акциялар туралы білді.

Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне 5000-нан астам адам қатысты. Келушілер жылжымайтын мүлік нарығының ұсыныстарымен танысып, «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша кеңес алды, кәсіби заңгерлермен және мамандармен әңгімелесті. Іс – шара аясында семинарлар өткізілді, сондай-ақ көрме серіктесі – Леруа Мерлен құрылыс гипермаркеті атынан сыйлық сертификаттарының ұтыс ойыны ұйымдастырылды.

«Жылжымайтын мүліктің екінші жәрмеңкесі — Expohomsters біз үшін шақырудың белгілі бір түріне айналды. Біз мұндай ауқымды іс-шараларды жылына бір рет өткізуді жоспарлаған едік, алайда қатысушылар мен келушілердің өтініші бойынша біз көктемгі жәрмеңке ұйымдастыруды дұрыс деп шештік. Енді Expohomsters жылына екі рет өтетін болады. Біз нарықтың барлық қатысушылары: құрылыс салушылар, сатып алушылар, қаржы ұйымдары тарапынан үлкен қызығушылықты көріп отырмыз», — дейді Homsters.kz басқарушы серіктесі Мария Рен.

Айта кетейік, іс-шараның басты серіктестері: Almaty Vilnus Construction және Exclusive Qurylis Kompaniasy. Сондай-ақ, BI Group, Al Hilal Bank, Altyn Bank, Bank Centercredit, AK Construction, Tau Development, «Баспана» ипотекалық ұйымы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Темірпром ХХІ, Alatau Golf Residence, Novec, Halyk Progect, ВЕК корпорациясы, New Estate, Үш Қоңыр ТК және MTS Company LTD қолдау көрсетті.

Homsters.kz операциялық директоры Зульфия Гетманчуктың айтуынша, көктемгі жәрмеңке қатысушыларының саны Expohomsters-2018 шарасына қарағанда 40%-ға көп болды.

«Екінші жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі — бұл формат өте ыңғайлы екенін көрсетті. Бір алаңда жетекші ғимарат салушылар жиналған, келушілердің қаладағы жаңа құрылыстар бойынша барлық қажетті ақпаратты алуға, сондай-ақ тікелей сату бөлімінің қызметкерлерінен жылжымайтын мүлік объектілері бойынша жеке кеңес алуға, барлық нюанстарды анықтауға және күмәннан арылуға мүмкіндігі бар. Барлық қатысушылардың пікірлері бойынша Expohomsters форматы жаңа мәнге ие болды: online өзара іс-қимылдың барлық артықшылықтарын сезіне отырып, сатып алушылар мен сатушылар бір-бірімен жанды қарым-қатынаста ерекше құндылықты табады», — деді З. Гетманчук.

Homsters.kz мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі таңда жылжымайтын мүлік нарығында 408 тұрғын үй кешені ұсынылған. Жаңа құрылыстар саны бойынша көшбасшылар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Ақтөбе қалалары. Бұл қалалардың үлесіне еліміздің жаңа құрылыстарының 80%-ы келеді, олардың 34,8%-ы елордаға тиесілі. Нарықтағы бастапқы жылжымайтын мүлік барлық жайлылық сыныптарымен ұсынылған.

Сайт пайдаланушыларынан құрылысшылардың сату бөлімдеріне ай сайын 6,5 мыңға жуық қоңырау және 9,5 мың өтінім келіп түседі. Олардың 31%-ы 1 бөлмелі пәтерді сатып алуға ниетті, пайдаланушылардың 40%-ы екі бөлмеден тұратын пәтерлерді қарастырады, ал 25%-ы үш бөлмелі пәтерлерді сұрайды. Ең аз сұраныс 4 бөлмелі пәтерге тиесілі. Пайдаланушылардың 80%-ы үшін пәтер сатып алуға арналған бюджет 10-нан 35 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды. Homsters.kz бағалауы бойынша, 2018 жылы Қазақстандағы әрбір бесінші мәміле «7-20-25» және ТҚЖБ бағдарламасын қоса алғанда, ипотекалық қарыздарды тарту арқылы жасалды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!