Алматыда жұмыссыз жастар көп

12:54, 16 қыркүйек 2019

Алматы. 16 қыркүйек. 7kun.kz – 2019 жылдың екінші тоқсанының соңында 15-28 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған жастардың саны 2,1 млн адамды құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артық, деп хабарлайды FinProm.

Белгілі болғандай, 15-28 жас аралығындағы жастардың көпшілігі көтерме және бөлшек сауда саласында, сонымен қатар авто жөндеумен айналысады – 388,8 мың адам. Жастар үшін маңыздылығы жағынан екінші сала ауыл, орман және балық шаруашылығы болып табылады – 253,1 мың адам. Үшінші орында білім беру саласы – 239,7 мың адам.

Сонымен қатар, 15-28 жас аралығындағы жұмыссыз жастардың саны осы жылдың екінші тоқсанының соңында 81,1 мың адамға дейін қысқарды.

Алматыдағы жұмыссыз жастардың ең көп саны — 16,9 мың жас, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен (15,5 мың адам) салыстырғанда 9,3% -ға көп. Сонымен қатар, Алматы және Қарағанды облыстары жұмыссыз жастар саны көп өңірлерге айналды – сәйкесінше 8,1 мың және 6,5 мың жастар.

Қазір елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрайды (бір жыл бұрын — 4,9%). Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жылына 3,9%-дан 3,7%-ға дейін төмендеді. 15-28 жас аралығындағы жастар арасындағы ең төменгі жұмыссыздық деңгейі Атырау (2,4%), Жамбыл (2,4%) және Ақтөбе (2,5%) облыстарында байқалады. Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында (6,3%), Қарағанды облысында (5%) және Нұр-Сұлтан қаласында (4,5%).

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!