Алматыда жалған ақша жасаушылар ұсталды

16:54, 7 қазан 2019
843

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалған банкноттарды дайындайтын цехты бұрын сотталған үш азамат ашқан. Олар қыркүйек айында ұсталған.

«Қылмыстық топтың тұрғылықты жері бойынша ноутбуктар, түрлі-түсті принтерлер, еріткіштер, ультракүлгін жарық беретін лампалар, ламинатор, 500 және 5 000 теңге номиналы купюралардың су белгісінің бедерлері бар клише, су белгісін қысуға арналған білік пресс, бояулы флакондар, жадында екі жағынан да купюралардың суреттері (дайындамалары) бар флеш-тасығыштар, сондай-ақ 308 мың теңге сомасындағы жалған купюралар табылды» — делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, сотқа жіберілген.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!