Алматыда университет күндері аясында екі бірдей халықаралық конференция өтеді

22:42, 4 желтоқсан 2019

Алматы. 04 желтоқсан. 7kun.kz — Алматы қаласы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «Соncordia» театры ғимаратында 5-6 желтоқсан күндері «XXI Педиатриясы. Заманауи сын-қатерлер мен үрдістер» атты университет күндері өтеді. Бұл туралы «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» баспасөз қызметі хабарлады.

Университет күндері іс-шарасын С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-і мен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, сондай-ақ Қазақстан «Педиатрлар Одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырады. Оған Ресей, Литва, Корея, Түрік елінің және т.б. шетелдік және отандық педиатр мамандары мен ғалымдары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ҚР медициналық жоғары оқу орындарының қызметкерлері, республиканың үздік педиатрлары мен қалалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары қатысады.

Айта кетейік, шара аясында «Дені сау бала – ұлт болашағы», «Педиатриялық ғылымның интеграциясы, білім және тәжірибе» тақырыбында екі бірдей халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Іс-шараның басты мақсаты — ҚР Педатрия саласының бүгіні мен болашағын саралау, балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсарту. Конференцияда педиатрия ғылымы, білім беру мен практиканың интеграциясы, педиатрия саласындағы жетістіктер, педиатриялық қызметтің негізгі мәселелері талқыланады.

«Атап айтқанда, нәрестелер мен балалар өлім-жітімін одан әрі төмендету мәселелері, диагностикалау және емдеудің жаңа тиімді технологияларын енгізу, алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде медициналық көмектің сапасын жақсарту, хирургиялық патологиясы бар балаларға көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің жаңа түрлерін енгізу мен дамыту, педиатрия ғылымын дамыту және балалардың денсаулығын сақтау қызметінде инновациялық технологияларды енгізу, еліміздің жоғары оқу орындарында сапалы педиатр кадрларын даярлау және т.б», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, конференция барысында ауызша және постерлік баяндамалар ұсынылады.

Бұдан басқа, университет күндері аясында ел нарығындағы медициналық және фармацевтикалық өнімдердің көрмесі өтеді.

Шараның басталуы — 9.00(тіркеу 8.00-де). Толық ақпаратты келесі нөмірлер бойынша алуға болады: 8(727) 269 69 52 / 8707 815 18 33 (Нәзира Елеухан).

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!