Алматыда тұман: әуе рейстері шегеріліп жатыр

09:33, 9 желтоқсан 2019

Алматы. 9 желтоқсан. 7kun.kz — Алматы әуежайы ауа-райына байланысты ұшу кестесіне өзгеріс енуі мүмкіндігін хабарлайды. Жолаушыларға ұшу уақыты туралы алдын-ала 270-33-33 нөмірінен немесе билет алған әуе компаниясынан нақтылауды ұсынады. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

«Ауа-райының нашарлауына, тұман салдарынан ұшу-қону алаңының көріну мүмкіндігі төмендеуіне байланысты рейстер кестесінде өзгерістер болуы мүмкін екеніне назар аударуды сұраймыз. Қазіргі уақытта көріну 30/300 м», – делінген хабарламада.

Әйтсе де әуежай бұған қарамастан штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады.

«Әуежай ICAO-да ІІІ санатқа ие және экипаж бен әуе кемесінде осындай санат болған жағдайда 75 метрге дейін көріну төмендеген кезде де борттарды қабылдауға дайын», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

alaport.com сайтының мәліметінше  Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Атырау мен Үрімжіден келетін кешкі борт шегерілген.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!