Алматыда Tesla сервистік орталығы ашылуы мүмкін

16:56, 18 шілде 2019
267

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz — Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Tesla Motors өкілдерімен кездесті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің сайтында хабарланды.

Кездесу барысында тараптар сервис орталығын ашу, Tesla Motors шоурумын және мегаполисте электр автомобильдерінің зарядтау станциясының инфрақұрылымын салу мәселелерін талқылады.

«Бүгінгі таңда Алматыда 107 электроавто тіркелген, олардың 67-сі әртүрлі үлгідегі Tesla маркалы электр көлігі», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Tesla компаниясы 2003 жылы АҚШ-та құрылған (Санта Клара, Калифорния). Негізін қалаушылар — Илон Маск, Мартин Эберхард, Джефри Брайан. 2019 жылдың І жартыжылдығында 150 мыңнан астам машина өндірілді. Бүгінгі таңда өндіріс көлемі аптасына 7 мыңнан астам электромобильге жетеді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!