Алматыда Tesla-ның аса жылдам зарядтау станциялары іске қосылады

11:06, 10 желтоқсан 2019
382

Алматы. 10 желтоқсан. 7kun.kz — Tesla ұсынған Supercharger аса жылдам зарядтау станциялары 2019 жылдың 20 желтоқсанында Алматыда іске қосылады. Осы жылдың наурыз айында Model Y жаңа моделін таныстыру кезінде Илон Макс Tesla Supercharger-ті Қазақстанда орнатуға уәде берді және осы жылдың қараша айында алты зарядтау станциясы Нұр-Сұлтанда, ал желтоқсанда Алматыда пайда болды. Бұл туралы станциялар орналасатын Esentai Mall компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Esentai Mall ішкі паркингінің P1 деңгейінде төрт Supercharger станциясы орнатылған.

«Tesla Supercharges-тің Қазақстанда іске қосылуы — компанияның Лондон-Қытай бағыты бойынша географиялық орналасуын кеңейту жоспарының бөлігі. Tesla Supercharger өте жылдам зарядтау станциялары Model S, Model X және Model 3 модельдерін бір сағат ішінде зарядтауға мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.

Tesla Supercharges әдетте мейрамханалар мен WiFi нүктелеріне қолжетімді инфрақұрылыммен жабдықталған жерде орнатылады. Аса жылдам зарядтау құрылғыларының жаһандық желісі белсенді дамып, кеңейіп келеді, бұл Tesla автокөліктерінің иелеріне ұзын қашықтыққа еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Tesla Supercharges барлық орналастыру нүктелері автомобильдерде орнатылған тачскриндер дисплейінде көрсетілген.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!