Алматыда шағын және орта кәсіпорындар саны азайды

12:42, 20 маусым 2018

Алматы. 20 маусым. 7kun.kz – Қазақстандағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны бір жыл ішінде 2,4% – ға артты. Сонымен бірге, Алматы және Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорындар саны азаюда, деп хабарлайды LS.

Статистика бойынша комитет деректеріне сүйенсек, жалпы Қазақстанда 2018 жылдың 1 маусымында 1,2 млн жуық шағын және орта кәсіпорындар (ШОК) жұмыс жасап тұр. Аталған көрсеткіш 2017 жылдың 1 маусымымен салыстырғанда 2,4% – ға артқан. ШОК 65%-ға жуығы жеке кәсіпкерлердің үлесіне тән.

ШОК санының ең жоғары өсімі Маңғыстау (бір жылда 6,8%), Атырау (6,8%) және Ақтөбе (6,3%) облыстарында байқалып отыр.

Алматыда ШОК саны жыл ішінде 3%-ға, яғни 168,8 мыңға дейін азайып кеткен. Шығыс Қазақстан облысындағы аталған көрсеткіш бар болғаны 0,5%.-ға төмендеген.

ШОК саны бойынша 184,3 мың шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындары бар Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!