Алматыда 2 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілердің карантин шараларын сақтау талаптары тексерілді

23:37, 2 маусым 2020
6083


Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Ж. Бекшин айтты.

Еске салсақ, бірқатар кәсіпорындар өз жұмыстарын қайтадан бастады. Кәсіпкерлік субъектілердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын қадағалау үшін әр аудандық әкімдіктерде мониторингтік топтар құрылған.

Мониторингтік топтар карантин кезінде жұмысын қайтадан бастаған 1989 нысанды қамтыды.

«Біз 2 мыңнан астам тексеру жүргіздік, оның барысында тек 65 жағдай бойынша әкімшілік жаза тағайындалды және  39 нысанның қызметі тоқтатылды. Сенбі және жексенбі күндері біз 153 нысанды тексердік. Тексеру шаралары жалғасады», — деді Алматының бас санитар дәрігері.

Өз міндеттеріне салғырт қараған «Жан плов лагман» мейрамханасы, «Шашлычная на Кирова», «Шашлычный двор», «Боржоми», «Алматы» дәмханалары, сонымен бірге, «Байтас» шағын маркеті, ал «Дильназ», «Шапағат» дәмханаларына әкімшілік хаттама толтырылды. «Прованс» дәмханасының қызметі тоқтатылған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!