Алматыда LRT құру құқығына 4 компания бәсекелеседі

16:05, 22 шілде 2019
283

Алматы. 22 шілде. 7kun.kz — Алматыда жеңіл рельсті көлік жүйесінің құрылысы жобасына қатысу құқығы үшін 4 шетелдік компания бәсекелеседі. Бұл туралы Үкімет отырысында «Қазақстандық МЖС орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдос Көбетов мәлім етті.

«Алматыда LRT жобасын мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі бойынша жүзеге асыру көзделіп отыр, жоба 2-ші кезеңде тұр: жеке серіктестер қаржылық, техникалық және заңдық шешімдерді қарауға ұсынады. 1-ші конкурстың қорытындысы бойынша 9 компаниядан 4 консорциум өтті. Негізінде, қыркүйекте осы жоба бойынша 2-ші кезең рәсімі басталуы тиіс. Жоба белгіленген мерзімде жүзеге асырылады», — деді ол.

Айдос Көбетов айтуынша, Нұр-Сұлтандағы ЖРК құрылысы жобасы МЖС механизмі аясында жүзеге асырылмайды.

Бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов Президенттің сынынан кейін Нұр-Сұлтандағы жеңіл рельсті көлік жүйесінің құрылысына, Астана банкіндегі «мұздатылған» қаржыны қайтаруды тапсырды. «Астана LRT» компаниясының басшысы Бекмырза Игенбердинов LRT жобасы бойынша банктің есепшоттарында шамамен 200 млн доллар бар екендігін хабарлады.

«Үкіметке әкімдікпен бірлесіп осы мәселе бойынша «нүкте қоюды», нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Жобаны ұсынған жауапты тұлғалар сұрақтарға жауап беруі тиіс, менің ойымша, бақылаушы органдар. Осы мәселе бойынша Парламент депутаттары араласуы, мәселе көтеруі тиіс»- деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, халыққа ыңғайлы, түсінікті, практикалық көлік құрудың орнына қымбат жоба – LRT ұсынылды. Бұл ретте мамандардың, сәулет қоғамдастығының пікірлері ескерілмеген.

«Әкімдіктің мәліметінше, болжанған ағын тәулігіне 146 мың адамды құрайды. Қазіргі уақытта әуежайдан жаңа вокзалға дейінгі ұқсас маршрут бойынша жолаушылар ағыны 2 мың адамды құрайды. Сонда сіздер жолаушылар ағынын қалай 70 есе ұлғайтасыздар? Маған түсініксіз. Өтелмейтін жоба субсидияны тұрақты алуға әкеледі және жалпы мемлекетке ауыртпалық түсіреді деген тәуекел бар», — деді президент жауапты тұлғаларға.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!