Алматыда құрылысшылардың үсітіне кран құлады: Қайғылы оқиғаның себебі анықталды

16:22, 27 шілде 2022
3548

Алматы. 27 шілде. 7kun.kz – Қазақстан ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Алматыдағы құрылыс алаңында кранның құрылысшылардың үстіне неге құлағанын хабарлады.

Белгілі болғандай, кран 2021 жылдың қараша айынан бастап құрылыстың тоқтатылуына байланысты қолданылмаған.

«Алдын ала деректерге сәйкес, мұнара кранын бөлшектеу процесінде қауіпсіздік техникасының бұзылуы салдарынан жебе секциясы (дұрыс бекітілмеген) аударылып кеткен», – делінген хабарламада.

Жазатайым оқиға салдарынан екі адам зардап шекті. Оның біреуі оқиға орнында қайтыс болды. Екіншісі басынан жарақат алған және медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!