Алматыда Евро-5 стандартындағы жаңа автобустар жүреді

16:19, 20 қазан 2017

Алматы. 20 қазан. 7kun.kz — Алматыда көлік бағыттары бойынша Евро-5 стандартындағы 50 жаңа автобустар жүре бастайды деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Көлік холдингі орталық диспетчерлік басқармасының мәліметі бойынша қыркүйекте №50,112,126 бағыттарындағы көліктің қатынау жиілігі 56%, 24% және 56%-ті құраған. Салдарынан тұрғындардан шағымдар көп түскен. Осыған орай, Yutong маркалы 50 жаңа автобус аталған бағыттардағы олқылықтардың орнын толтырады. Ал босаған автобустар №120,135,63,118,38,45,18,92,30,32 бағыттары бойынша бөлінеді.

Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов «Алматыэлектротранс» ЖШС биылғы жылдың қазанынан желтоқсанға дейін 297 автобус сатып алуды жоспарлап отырғандығын жеткізді.

Қазірдің өзінде «ЛИАЗ» маркалы 20 автобус жеткізілген. 13 қазанда Мәскеуден 20 автобус жолға шыққан, тағы 20 автобус 16 қазанда келеді. Қалғандары кезең бойынша тасымалданады. Барлық автобустар кондиционерлермен жабдықталған, қаланың бренбукі бойынша бір стильде әрленеді.

Бұдан бөлек, жеке тасымалдаушылар 254 автобус алуды жоспарлап отыр. Олардың 60-ының сыйымдылығы орташа, қалған 194-і үлкен. Тасымалдаушы компаниялар «БаТу трэвел» ЖШС, «АвтоАлма-Транс» ЖШС, «Мадина» ЖШС, «Талап Т»ЖШС, «Самат Транс» ЖШС, «Green bus company» ЖШС-нің жаңа автобустары 2017 жылғы қазаннан 2018 жылдың сәуіріне дейін келе бастайды.

 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!