Алматыда “Design Thinking Fest 2019” фестивалі өтеді

15:47, 22 ақпан 2019
514

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылы 25 ақпанда халықаралық білім беру корпорациясы базасында отандық жас дизайнерлердің, сәулетшілердің, студенттердің, жетекші өндірістік компаниялардың өкілдері мен шетелдік қонақтардың қатысуымен I Халықаралық “Design Thinking Fest 2019” фестивалі өтеді.

Халықаралық деңгейдегі фестивальде дизайнерлер мен студенттер өздерінің жұмыстарын келесі байқауларда ұсынады:

  • “Image. Shape. Identity” – зергерлік бұйымдарды әзірлеу бойынша;
  • “Sustainable design challenge” – жобалауда экологиялық материалдарды пайдалану бойынша.

Фестиваль барысында атақты отандық және шетелдік дизайнерлер мен сәулетшілерден тақырыптық шығармашылық көрмелер мен мастер-кластар, ҚазБСҚА студенттерінің практикалық семинары, сондай-ақ “Жаһандану дәуірінде білім беруді, ғылымды және өндірісті дамыту және ықпалдастыру” ғылыми-практикалық конференциясын өткізу жоспарланған.

ҚазБСҚА ұйымдастыратын І Халықаралық “Design Thinking Fest 2019” фестивалі “Рухани жаңғыру” және “Қазақстандағы жастар жылы – 2019” бағдарламаларын жүзеге асыруды қолдайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!