Алматыда 500-ден астам жаңа автобус сатып алынады

18:03, 14 наурыз 2018
654

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында жаңа №19 бағыты бойынша жолға шыққан жаңа автобустарды көрді.

Қала тұрғындарының өтінімі бойынша ашылған жаңа бағыт Жароков, Розыбакиев, Рысқұлов сияқты магистральді көшелерді және «Қазахфильм», «Алғабас» елді мекендерін қамтиды. Бұларға 20 төмен еденді сыйымдылығы үлкен автобустар қызмет көрсетеді, қозғалыс интервалы 6-7 минут.

Жалпы, көлік реформасының кезең аралық қорытындысы соңғы екі жыл ішінде қаланың бағыт желілеріне 500 жаңа автобустардың шығарылғанын көрсетті. Көлікті жаңартудың арқасында 18 бағыт бойынша автобустардың қозғалыс интервалы 3 есе қысқарып, 9 минут болып, жолаушылардың күнделікті легі орташа 46 пайызға артқан. Бұлардан өзге, 14 жаңа бағыт жасалды. Қалалық автопарктегі қолданылғаны 3 жылға дейінгі автобустар үлесі қазірдің өзінде 44 пайызды құрайды.

Сонымен қатар, Алматы әкімі Бауыржан Байбек ОСЭР стандарттарына сай жолаушылар көлігін тұрақты қалыптастыру үшін қаланың автобус паркін жаңарту және кеңейту қажеттігін атап өтті.  2018 жылы Алматының автобус паркі тағы да 30 пайызға жаңаратын болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!