Алматыда аудандық сот төрағасы пара алып, ұсталды

11:03, 23 қаңтар 2020

Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz — Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деген күдікпен тұтқындалды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде хабарлады.

«Алматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасымен бірлесіп, Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасын пара алды деген күдікпен әшкереледі», — делінген хабарламада.

Органның мәліметінше, күдіктіге делдал — сот отырысының хатшысы — арқылы борышкердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына санкция бергені үшін азаматтан көп мөлшерде пара алды деп айып тағылған.

Айта кетейік, Бас прокурор судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға келісін берген. Ал күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!