Алматыда адамдарды және көлік нөмірлерін танитын жүйе іске қосылады

11:32, 21 қаңтар 2020

Алматы. 21 қаңтар. 7kun.kz  — Алматы қаласының Медеу ауданындағы учаскелердің бірінде жасанды аналитикалық интеллект жобаны енгізу жоспарланып отыр.

«Ақылды» жүйе Жасыл базар аумағында тестілік режимде орнатылады. Алдыңғы қатарлы отандық әзірлемелердің мүмкіндіктері адамдарды, автомобиль нөмірлерін, адамның немесе көліктің барабар емес қозғалысын, сондай-ақ қараусыз қалған заттарды тануға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның негізгі мақсаты — адамдар көп жиналатын жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Айта кетейік, жаңа жоба ауданның құқық қорғау органдары, кәсіпкерлер мен Nur Otan партиясының аудандық филиалы арасында меморандумға қол қойылғаннан кейін, сондай-ақ белгілі бір рәсімдерден өткеннен кейін іске асырылады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!