Алматы жалған ақша жасаудан көш бастап тұр
Алматы. 12 маусым. 7kun.kz – Қазақстанда ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша 2,3 миллион теңге сомасына 441 жалған ақша анықталды.
Ұлттық банк олардың 436–сы банкноттар, ал бесеуі – монеталар деп хабарлады. 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жалған ақша саны 39%-ға қысқарған. 2018 жылдың қаңтар айынан маусым айына дейін 710 жалған банкноттар мен 3,2 млн теңгеге 11 монета анықталды.
Алаяқтар көбінесе 10 мың теңге номиналындағы ақшаны қолдан жасаған. 170 дана осындай ақша белгілері анықталды, немесе қолдан жасалған ақшаның жалпы санының 39%-ы. Одан кейін 2 мың теңгелік – 154 дана және 5 мың теңгелік – 51 дана.
Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, анықталған жалған купюралардың саны бойынша бұрынғысынша Алматы көш бастап тұр – 171 дана. Екінші орында Нұрсұлтан – 50 дана.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл