Алматы тағы да әлемнің ең криминалдық қалалары тізіміне кірді

13:00, 17 шілде 2019
458

Алматы. 17 шілде. 7kun.kz — Алматы 2019 жылдың ортасындағы жағдай бойынша әлемдегі ең криминалдық қалалар рейтингісінде 21-ші орынға орналасты. Бұл туралы Numbeo сервисінің деректерінде көрсетілген.

Зерттеуге барлығы 328 қала қатысты. Алматы қаласының «қылмыстық» индексі — 70.60.

Жер шарының ең «қауіпті» қаласы Венесуэла астанасы — Каракас деп танылды (индексі — 85.26). Содан кейін Питермарицбург (ОАР) орналасты, ал үштікті Папуа-Жаңа Гвинея астанасы — Морту-Морсби аяқтады.

Ондыққа, сондай-ақ, Бразилиядан үш қала, ОАР-нан үш қала және Гондурастан Сан-Педро-Сула кірді.

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби (10,61 қылмыс балы) қауіпсіздік бойынша көшбасшысы атанды, кейін Доха — 11,69 және Квебек — 14,78.

Еске сала кетейік, Numbeo сервисі Алматыны осы рейтингте 2018 жылдың қорытындысы бойынша 112-ші орынға қойды.

Өз кезегінде, Қазақстан Ішкі істер министрлігі аталған сервиске қатысты мәлімдеме жасады.

«Numbeo сервисі — әлем елдері мен ірі қалалары бойынша шетелдік туристер мен тұрақты тұруға көшуді жоспарлап отырған тұлғалар үшін бейресми деректер базасы. Бұл халықтың саны, жылжымайтын мүліктің құны, көлік инфрақұрылымы, климаттық жағдайлар, қауіпсіздік тұтыну себетінің құны туралы мәліметтер», — деді министрлікте.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!