Алматы облысының полицейлері қыздарға өзін-өзі қорғау бойынша шеберлік сабағын өткізді
Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жаңа оқу басталуына орай, Талдықорған қаласындағы колледждердің студенттерімен кездесу өткізді.
Іс-шараға қатысқан жасөспірім қыздарға құқықтық сауаттылықты арттыру, зорлық-зомбылық түрлері мен одан қорғану жолдары, күйзелісті жеңу тәсілдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде тақырыпты ашу мақсатында полицейлердің арнайы әзірлеген бейнероликтері көрсетілді. Бейнероликтерде әлеуметтік желілердегі танысулар немесе бейтаныс жандарға шүбәсіз сену, түнгі мезгілде қыдыру қыздардың зорлық-зомбылық құрбаны болуына әкелуі мүмкін екені түсіндірілді. Сонымен қатар, бейтаныс көліктерге отыру, бөтен адамдармен қонаққа бару, жақындарына ескертпестен үйден шығып кету, ішімдіктер мен есірткі өнімдеріне үйір болудың соңы жақсылыққа апармайтыны айтылды.
Сонымен қатар, Полиция департаментінің жауынгерлік күрес нұсқаушысы Ақанұлы Бауыржан жастарға өзін-өзі қорғаудың қарапайым айла-тәсілдерін үйретті. Түрлі ситуациялық жағдайларға талдау жасап, шабуылдаушы мен қорғанушының психологиялық ерекшеліктеріне тоқталды. Әдістерді іс-тәжірибеде көрсетіп, шеберлік сабағын өткізді.
«Қыздарға қорғану мақсатында өзімен бірге ысқырықтарды, кілттер жиынтығын, түрлі спрейлерді, яғни дезодоранттар, шашқа арналған лактарды алып жүрудің артық етпейді. Бастысы – жағдайды дұрыс бағамдап, қолда бар заттарды тиімді пайдалану. Зорлық-зомбылық орын алуы мүмкін орындардан мүмкіндігінше аулақ жүруі қажет. Дегенмен, ондай жағдай орын алса, жинақы болып, бірден қорғану шараларын қабылдауы тиіс»,- деп атап өтті полиция өкілдері.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл