Алматы облысында жануарларға дәрі-дәрмек өндіріледі

10:14, 24 шілде 2019

Алматы. 24 шілде. 7kun.kz — Алматы облысында ветеринарлық дәрі-дәрмек шығаратын зауыт іске қосылады, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы.

Жобамен ветеринария саласындағы қызмет жүргізетін «Каз-Био-Рос» ЖШС айналысады. Ветеринарлық дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорынның құрылысы 1,5 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Жамбыл ауданындағы «Қазыбек бек» индустриялық аймағында орналасатын биозавод келесі жылы жұмысын бастайды деп болжанып отыр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!