Алматы облысында 100 млрд теңгенің күн электр станциясы іске қосылады

09:37, 19 шілде 2019

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz — Алматы облысында қуаты 200 МВт болатын күн электр станциясын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады.

Жобаны іске қосу құны 103,8 млрд теңгені құрайды. Жұмысты «КЗА Констракшн» ЖШС жүргізеді – күн электр станцияларын салу және пайдаланумен айналысатын отандық компаникүя.

Жоспарға сәйкес, күн электр станциясы Еңбекшіқазақ ауданында 2020 жылы пайда болуы тиіс. 2018 жылғы деректер бойынша, бұл республикадағы халық ең көп қоныстанған елді мекен (халқы 300 мыңнан астам адамды құрайды).

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!