Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

12:53, 10 ақпан 2020

Алматы. 10 ақпан. 7kun.kz — Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бағдат Манзоров өз еркімен жұмыстан шығарылды. Жұмыс барысында ол өзін ерекше кәсіби және шебер басшы ретінде көрсетті. Мен оған бар жақсылықты тілеймін», — деп мәлімдеді аппарат кеңесінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Айта кетейік, Бағдат Манзоров бұл лауазымға 2019 жылдың шілдесінде тағайындалды. Ол ТКШ, кәсіпкерлік және туризм салаларына жетекшілік етті.

Еске сала кетейік, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровты 25 қыркүйекте тұтқындалған еді. Сол тұста ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін айтқан.

Кейіннен ҚР-ның Бас прокуратура Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын хабарлап, ол қызметіне оралған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!