Алматы марафон кезінде қандай көшелер жабылады?

15:50, 16 сәуір 2019

Алматы. 16 сәуір. 7kun.kz – Алматы полициясы 21 сәуірде «Алматы марафонында» қандай жолдар жабылатынын хабарлады.

Бұл күні сағат 05:00-ден 14:00-ге дейін марафон қашықтықтары өтетін жолдар қозғалысы жартылай тоқтатылады.

Сәтпаев көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін қозғалыс 20 сәуірде сағат күндізгі 14.00-ден бастап 21 сәуір 17.00-ге дейін тоқтатылады. 

Назарбаев даңғылы бойымен Сәтпаев көшесінен бастап Әл-Фараби дағылына дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 12:00 дейін тоқтатылады.

Әл-Фараби даңғылы бойымен Назарбаев даңғылынан бастап Достық көшесіне дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 09:30 дейін тоқтатылады.

Әл-Фараби даңғылы бойымен Назарбаев даңғылынан бастап Шашкин көшесіне дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 12:00 дейін тоқтатылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Әл-Фараби даңғылы бойымен Шашкин көшесінен бастап Сайын көшесіне дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 13:30 дейін тоқтатылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Сайын көшесімен қозғалыс Әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін сағат 05:00 бастап 13:30 дейін тоқтатылады. Батыс бөлігі ғана ашық болады.

Абай даңғылының Сайын көшесінен бастап Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі, Байтұрсынұлы көшесінің  Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі бөлігінде сағат 05:00 бастап 14:00 дейін жол қозғалысы  тоқтатылады. Солтүстік бөлігі автокөлік үшін ашық болады.

Шашкин көшесінің Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі, Тимирязев көшесінің Шашкин көшесінен бастап Байзақов көшесіне дейінгі, Байзақов көшесінің Тимирязев көшесінен бастап Сәтпаев көшесіне дейінгі, Сәтпаев көшесінің Байзақов көшесінен бастап Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі бөлігі 05:00 бастап 10:35 дейін жабылады.

«Жолдарда қарбаластың болуына байланысты марафон қатысушыларына старт орнына (Республика алаңы) Абай даңғылы арқылы метромен немесе Абай даңғылы арқылы автобуспен (қозғалыс солтүстік жағымен) жетуге кеңес береміз. Старт-мәре қалашығы жанында (Республика алаңы) көлікті тұраққа қалдыруда қиындықтар болатынын ескертеміз», — деді ұйымдастырушылар.



Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!