Almaty Management University инновациялық университеттердің ғаламдық желісіне қосылды

13:07, 10 наурыз 2021
4812

Almaty Management University-і Орталық Азия мен Қазақстанда жоғарғы білімге деген қарқынды өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру мақсатында академиялық бағдарламаларын кеңейтетіні туралы мәлімдеме жасады.

Осы бастама аясында университет Cintana Education альянсына (АҚШ) қосылды. Бұл AlmaU студенттеріне әлемнің ең инновациялық жоғарғы оқу орындарымен серіктестіктің артықшылығын қолдануға мүмкіндік береді. Студенттер алдыңғы қатарлы оқу бағдарламасы мен оқыту тәжірибелерінен артықшылық алу ғана емес, сонымен қатар Альянстың жетекші серіктесі Arizona State University-нің дипломын алуға мүмкіндігі бар.

Қазақстанда соңғы 5 жылда жоғарғы білімге деген сұраныс тұрақты өсіп келеді:  2015 жылы жоғарғы оқу орындарының бакалавриат бағдарламасына 459 000 студенттер түссе, 2019 жылы 604000  студенттер қабылданды. AlmaU саны артып келе жатқан студенттерді оқытуды мақсат етумен қатар, технология мен инженерия, коммуникация, денсаулық сақтау, өнер және кино саласында жаңа академиялық бағдарламалар дайындау арқылы, студерттерді жылдам өзгеріп отырған әлемдік экономика жағдайына бейімдеуге дайын.

AlmaU президенті Асылбек Кожахметовтің пікірінше: «Орталық Азия сын кезеңді басынан кешіруде: жергілікті экономикаға инвестиция жасау мен болашақ ұрпақты білім беруге стратегиялық тұрғыдан қарап, әрі батылдық танытуымыз керек.  Осы міндетті шешудің бірден-бір жолы Arizona State University сияқты білім беру, зерттеу мен технологияда өзінің инновацияларымен әлемде кеңінен танымал серіктес табу. Бұл серіктестік Қазақстанға университеттерді басқарудың озық тәжірибиесін әкеледі, әрі Орталық Азия аймағында бұрын-соңды болмаған жай».

Cintana Education-ге қосылу үшін AlmaU 100-ден астам қазақстандық жоғарғы оқу орындарының арасынан іріктеліп алынды. Cintana Education – бұл  әлемдік экономика қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жоғары сапалы академиялық бағдарламаларды құрастыру мен көбейтумен айналысатын университеттердің ғаламдық желісі.  Бұл Cintana Education мен Arizona State University арасындағы серіктестіктен туындаған Альянс. АҚШ-тың ең инновациялық университеті (US News and World Report мәліметі бойынша) және әлемнің ең беделді университеттерінің бірі атанған (Times Higher Education мәліметі бойынша) Arizona State University-і 5 жыл аралығында студенттер санын 40% арттырған, оған қоса қоғамның әр түрлі топтарынан оқытылатын студенттер мен университет бітірушілердің көрсеткішін жақсартқан. ASU 40 мыңнан астам студентті онлайн платформасында оқытады.

Arizona State University-нің моделін жоғарғы білім беру саласының әлем таныған эксперті Майкл Кроу қалаған. ASU-дің моделінің философиясы жоғарғы білім беру әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан студенттерге қол жетімділігін арттыруға, және өзі қызмет көрсететін қауымдастықтың экономикалық және әлеуметтік ахуалына университеттің іргелі жауапкершілігіне негізделген.    

«Әлеуметтік ұтқырлықтың ең керемет құралдарының бірі – сапалы білім беру, бірақ басым көпшілік аймақтарда оның тапшылығы орын алған. Осы тұрғыда аймақтағы экономикалық трансформация мен жоғары білім беру жүйесінің қатар жүруіне ат салысқан AlmaU кәсіпкерлік көшбасшылықты көрсетіп отыр», — Arizona State University-ң ғаламдық академиялық бастамалары бойынша аға вице-президенті д-р Стефани А. Линдкуист деп атап өтті. «AlmaU Cintana Education-ге қосылып, Arizona State University және сол сияқты басқа да инновациялық ұйымдардың тәжірибесін қолдана алады.  Жергілікті қауымдастық, ұстаздар мен студенттер үшін қол жетімділік пен мүмкіндіктерді  арттыру жолында біздің ұйымдар бірге қызмет көрсетеді».

Cintana Education-ың мүшесі ретінде AlmaU-ң ұстаздары мен студенттері  Arizona State University-нің репозиториін (оқыту материалдары жиналған әлемдегі ең ірі онлайн-платформа) қолдануға және университеттің цифрлық оқыту және әлемдік деңгейдегі зерттеулерді ұйымдастыру тәжірибесінен үйренуге мүмкіндік алады.  Сонымен қатар ASU-ң дипломын алуға мүмкіндігі бар. AlmaU-дың ұжымы Cintana-ның көп жылдар бойы әлемнің әр түпкірінде университетерді құру және дамыту бойынша жиналған мол тәжірибесі бар экспертерімен жұмыс жасайды. 

Cintana Education-ның gрезиденті д-р Рик Шэнгроу былай деді: «Бүгінгі таңда AlmaU Қазақстанның коммерциялық емес, жеке меншік, жетекші университеттерінің бірі. Әлемдік деңгейдегі кәсіпкерлік және инновациялық университет болуға ұмтылысы бар. Біз бұл университетті  Cintana Education-ге қосылыуын жылы ықыласпен қарсы алып отырмыз, және оның аймақтағы жоғарғы оқу жүйесін жаңдандыру жұмыстарын қолдауға ниет білдіріп отырымыз».

Arizona State University мен AlmaU-ң серіктестігі отандық жоғарғы білім беру жүйесінің нығаюына және Қазақстан брендінің халықаралық ғылыми және академиялық ортада танымалдығының артуына ықпалын тигізетіні сөзсіз.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір