Алматы көшелерін жарықтандыруға 851 млн теңге бөлінді
Алматы. 13 қараша. 7kun.kz — Бүгінгі таңда Алматыда 2746 көше бар, оның 1500-і толығымен жарықтандырылған, қалғандары жартылай ғана, ал 873 аула толығымен көше жарығынсыз қалған.
Энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев кейбір аудандардың көшелерін жарықтандыру мәселесі қала аумағын кеңейтумен байланысты деп есептейді. Қалаға қосылған аудандарда жарықтандырудан басқа су құбыры мен газдандыру мәселесі де бар.
«Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу аясында осы проблемалы мәселелерді шешу үшін келісім-шарттарға қол қою үдерісі жүріп жатыр. Келесі жылдың соңына дейін қосылған аудандардағы көшелер толығымен көше жарығымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, бірқатар көшелерде ескі шамдарды жарық үнемдейтін шамдарға жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Әсет Масабаев.
Айта кетейік, сыртқы жарықтандыру құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 851 млн теңге бөлінді. Көшелер мен аулалардың нақты санын анықтау үшін жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл