Алматы коронавирус бойынша «сары» аймаққа көшті

Алматы. 4 шілде. 7kun.kz – Алматының бас санитарлық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы қаланың COVID-19 таралуы бойынша «сары» аймаққа көшуіне байланысты қаулыға қол қойды, деп хбарлайды 7kun.kz.
Құжат 7 шілдеде күшіне енеді. Құжатқа сәйкес келесідей пунктер енгізіледі:
- науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру және оларды медициналық бақылау;
- covid-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтықтан жұмыс түріне ауыстыру;
- Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету және телемедицина орталығы деңгейінде ауырлығы жеңіл және симптомсыз пациенттерді жеті күн ішінде амбулаториялық бақылау.
Сонымен қатар халық көп жиналатын жабық орындарда, қоғамдық көлікте, метрода жүргенде бетперде кию ұсынылады. Ұсыныс бес жасқа толмаған балаларға қолданылмайды.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:32, 15 тамыз 2022
Жүк көліктері жолды бұзып жатыр
-
15:53, 15 тамыз 2022
Ардагер құрылысшыларға құрмет көрсетілді
-
16:24, 5 тамыз 2022
Тараз қаласының әкімі қызметінен кетті
-
14:54, 4 тамыз 2022
«Бұл ақпараттық соғыс»: Медведев парақшасының бұзылуына қатысты пікір білдірді
-
12:32, 3 тамыз 2022
Нэнси Пелоси Тайванға не мақсатпен барғанын айтты