Алматы қаласындағы орталық аурухананың бас дәрігері тұтқындалды

13:00, 19 наурыз 2019

Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz – Алматы қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Тұрдалин қамауға алынды, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен, қылмыс жасағаны үшін күдікті Н. Тұрдалинге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі бойынша (“айтарлықтай мөлшерде пара алу”) екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», – делінген хабарламада.

«Время» газетінің хабарлауынша, Алматының құқық қорғау органдары ОҚКБ басшысы Тұрдалинге қатысты бірден екі істі тіркеген. Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, 12 наурызда бас дәрігер «ACMEDA» ЖШС менеджерінен 340 мың теңге және «ABMG Expert» ЖШС жеткізушісінен 1900 АҚШ долларын алды.

Тұрдалинге 50-ден 60-қа дейінгі мөлшерде айыппұл салу не мүлкі тәркіленіп және белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Айта кетейік, Нұрлан Тұрдалин 2017 жылы 1 ақпанда Алматы қаласындағы орталық клиникалық аурухананың директоры болып тағайындалды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!