Алматы әуежайында рейстер кестесі өзгеруі мүмкін

09:33, 9 желтоқсан 2019
491

Алматы. 9 желтоқсан. 7kun.kz — Алматы әуежайы ауа райы жағдайларына байланысты кестені өзгерту мүмкін болғандықтан, жолаушыларды рейс уақыты туралы ақпаратты алдын ала 270-33-33 нөмірі бойынша анықтамалық түрде немесе билет алған әуекомпаниядан нақтылауды ұсынды. Бұл туралы хабар Алматы халықаралық әуежайының Facebook-тегі бетінде жарияланды.

«Ауа райы жағдайының нашарлауына, тұман салдарынан көрінудің төмендеуіне байланысты рейстер кестесінде өзгерістер болуы мүмкін екеніне назар аударуды сұраймыз. Қазіргі уақытта көріну 30/300 м», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, әуежай штаттық режимде жұмыс істейтіні хабарланды.

«Әуежай ICAO-да ІІІ санатқа ие және экипаж бен әуе кемесінде осындай санат болған жағдайда 75 метрге дейін көріну төмендеген кезде де борттарды қабылдауға дайын», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!