Алматы әуежайы жолаушылар ағынын 8%-ға ұлғайтты

17:21, 15 қазан 2019
547

Алматы. 15 қазан. 7kun.kz — Алматы халықаралық әуежайы 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 4,78 млн жолаушыға қызмет көрсетті, бұл 2018 жылдың сәйкес көрсеткішінен 8%-ға артық. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Ішкі рейстердегі жолаушылар айналымы 2,45 млн адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артық.

Халықаралық рейстерде 2,33 млн адам (өсім 5%) тасымалданды. Оның ішінде 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстаннан ұшқан жолаушылар саны 2,4 млн адамды, келгендер саны 2,38 млн адамды құрады.

Есепті кезеңде әуежайдың жүк айналымы 16%-ға, 48,951 мың тоннаға дейін өсті.

Айта кетейік, тоғыз айда әуежай 48,4 мың рейске қызмет көрсетті, бұл 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегіне қарағанда 4%-ға артық.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!