Алматы билігі феминистерге митинг өткізуге рұқсат берді

10:26, 10 қыркүйек 2019
444

Алматы. 10 қыркүйек. 7kun.kz – Алматыда 28 қыркүйекте қазақстандық феминистердің митингісі өтеді. Бұл туралы Facebook-тегі Kazfem тобында хабарланды.

«Бізге митинг/демонстрация өткізуге келісім берілді. 28 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Сары-Арқа» кинотеатрының артында әйелдерді кемсіту, теңсіздік және зорлық-зомбылық мәселелерін көтеру үшін шығатын боламыз», — делінген хабарламада.

Феминистердің күн тәртібінде бес негізгі тақырып бар:

Сексуалдық зорлық-зомбылыққа қарсы және жан-жақты кешенді шаралар қолға алынуы үшін;

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы: біз қылмыскерлер үшін жазалауды, дағдарыс орталықтарын ашуды, зардап шеккендерге көмек көрсетуді және қауіпсіздікті талап етеміз;

Әйелдер колонияларындағы азаптауларға және зорлық-зомбылыққа қарсы;

Жезөкшелікпен айналысқан әйелдерді қорғауға және көмек көрсетуге, клиенттер мен сутенерлерді криминализациялауға;

Жалпы қазақстандық әйелдердің құқығы: сізді не қызықтыратыны туралы айтуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды қолдау қажеттігін айтқан болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл үшін ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды.

«Егер бейбіт акциялар заңды бұзу мен азаматтардың тыныштығын бұзу мақсатын көздемейтін болса, онда оларды өткізуге заңмен белгіленген тәртіпте рұқсат беру, ол үшін арнайы орындар бөлу қажет», — деді Президент.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!