АлмаТВ акционері банкрот деп танылды

12:30, 20 маусым 2018
337

Алматы. 20 маусым. 7kun.kz – Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған соты АлмаТВ акционері AssetInvest компаниясын банкрот деп таныды. Бұл жайлы LS хабарлайды.

МАЭС баспасөз қызметінде түсіндіріп өткендей, Bank RBK мәселесі несиелерін басқаратын DSFK арнайы қаржылық компаниясы AssetInvest-ті банкрот деп тану туралы өтініш берген. AssetInvest банкке 22 млрд теңгеден астам қаржы қарыз болған.

«Отырыс қорытындысы бойынша судья Арман Тұрғынбаев AssetInvest-ті банкрот деп тану туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ компанияны жою және барлық филиалдарын есептік тіркеуден шығару туралы шешім шығарылды. Борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығы уақытша басшы Оспанбековке берілді», – деп хабарлады МАЭС баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, біраз уақыт бұрын авторлық құқықтарды бұзғаны үшін Алма ТВ компаниясының 2,2 млрд теңге мөлшеріндегі мүлкіне тыйым салынған болатын.

AssetInvest Алма ТВ 100% акцияларының иесі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!