«Алма-ТВ» акционерінің банкроттығы жайлы сот шешімі бойынша пікір білдірді

17:44, 20 маусым 2018
580

Алматы. 20 маусым. 7kun.kz – «Алма-ТВ» сауда маркасының иесі «Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан» өздерінің негізгі инвесторы AssetInvest-тің банкрот болуы және жабылуына қатысты пікір білдірді.

Компания штаттық режимде жұмыс жалғасатынын және сот шешімі компанияның серіктестері мен абоненттерінің алаңдауына негіз бола алмайтынын мәлімдеді.

«Біраз уақыт бұрын басылымдарда айтылған Алма ТВ акционерін банкрот деп тану туралы сот шешімінің «Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан» компаниясына еш қатысы жоқ. AssetInvest бөлек кәсіпкерлік субъект және заңды тұлға ретінде өз міндеттемелері бойынша дербес түрде жауап береді», – деп түсіндіріп өтті ұйым. Оған қоса компания аталған іс бойынша сот талқылауы қамауға алынған AssetInvest құрылтайшысы және басшысы Татьяна Пактің, сондай-ақ оның іс бойынша сәйкес түсіндірмелер беретін өкілдерінің қатысуынсыз өткенін қоса айтып өтті.

«Аталған сот шешімі ақырғы емес екенін айта кеткен жөн. Акционер өкілдері және Алма-ТВ директорлар кеңесі заңмен бекітілген тәртіпте сот шешіміне шағым түсіру бойынша барлық қажетті шараларды қолға алуда», – деді компания өкілдері.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!