Алдағы 3 жылда Астанада қолданылатын сандық технология көлемі 80 пайызға жеткізіледі
Қазіргі көрсеткіш – 10 пайыз.
Бүгінде Астанада 11 түрлі 5 мың қондырғы орнатылған. Олар – электр энергиясын есептеу, су сапасын талдау құрылғылары мен қашықтықтан бақылау бейнекамералары. Жуырда орнатылған «Сергек» бейнебақылау жүйесі де осы тізімде. Ол аз уақытта өз тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Сынақ кезінің өзінде 500 млн-ға жуық бейнемәлімет жинақталған. «Қырағы көздер» ереже бұзудың 3 түрін тіркейді. Жылдамдық, «Stop» сызығы және «Bus Lane» жолағындағы қозғалысты. Қазір тағы 4 пилоттық жобаны жүзеге асыру мәселесі қаралып жатыр.
Олжас Сартаев, «Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасы:
-«Smart Astana» бойынша енгізілетін бірнеше жоба бар. Ол – ақылды жарықтандыру, ақылды көлік қоятын орындар, Е-акимат, Е-ПИК. Оның бәрін реттеп, жақын арада қай жобалар қала бойынша енгізілетінін жариялаймыз.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл