Алаяқтар атақты адамдарға да қоңырау шала бастады

15:56, 23 мамыр 2022
330

Қаржы алаяқтары қарапайым адамдарды қойып, лауазымды тұлғаларға қоңырау шала бастады. Ақмола облысының экс-әкімі, Инвестиция және даму вице-министрі болған, Мәжіліс депутаты Альберт Рау әлеуметтік желіде өзіне алаяқтардың хабарласқанын жазды.

Депутат Ева Горобец есімді желі қолданушының алаяқтар туралы жазбасына «Сенбі күні маған бірінші рет хабарласты. ІІМ тергеушісі. Шоттарыңды бұзуға тырысып жатыр, карта номеріңізді айтыңыз, бұл сіз ба, деп дауыс көтеруге тырысты», деген пікір қалдырды.

Ол алаяқтар атымды біліп, әкемнің атын білмеді дейді.  

«Әрине, адамдарға ескерту қажет. Қаншама уақыттан бері мұның қалай жасалатынын жазып, көрсетіп келеді, бірақ бәрібір біреу олардың құрығына түсіп қалады», дейді депутат.

Ева Горобец әлеуметтік желіге өзін алаяқтар алдап кете жаздағаны туралы жазды. Оның жазуынша қазір алаяқтар төмендегі әрекеттерді жиі жасап жүр.

1. «Тергеуші»  қыз телефон соғып, тегі бірдей адамның несие алу әрекетін тоқтатқанын айтады. «Бәрі өз орнында, осындай 10 эпизод бойынша тергеу жүріп жатыр», деп сендіреді.

2. Артынша «Ұлттық Банктің қызметкері» телефон соғып, барлық шоттар мен несие тарихы, кірістер мен аударымдар туралы сұрайды. Барлық банктерден келген хабарламалардың скриншоттарын жіберуді сұрайды.

3. Сондай-ақ, сыртынан несие рәсімдеу әрекеті жасалған банкке барып, «алаяқ» рәсімдеген сома көлемінде несие алу керегін айтады. Сонда «Сіздің атыңыздан басқа ешкім несие ала алмайды» деп түсіндіреді.

Кейде алаяқтар Whatsapp арқылы төмендейгідей қызметтік куәлігін жіберуі мүмкін.

Ұлттық банк деген жазуына қарап өкінішке қарай кейбір адамдар тез алданады. Ұлттық банктің қауіпсіздік қызметі банк клиенттеріне ешқашан қоңырау шалмайтынын, мұндай әрекеттердің алдын-алумен айналыспайтынын ескертеміз. Сондай-ақ, банктер де клиенттергге қоңырау шалып, жеке деректерін сұрамайды. Егер жеке деректеріңізді сұрай бастаса алаяқтар екенін бірден біліп, тұтқаны қойғаныңыз жөн.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!