Алакөлге әуе рейстері ашылады

23:08, 5 мамыр 2020
7571

Карантин аяқталған соң жазғы туристік маусым кезінде Алакөл маңындағы Үржар кенті мен Үшарал қаласына әуе рейстері ашылады. Бұл туралы деп ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Мамырдан қазанға дейін Үржарға Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскеменнен, Үшаралға Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорғаннан ұшақ қатынайды.

Үржар бағытында: Нұр-Сұлтан қаласынан «Южное небо» әуе компаниясы мамырдан қазан айына дейін аптасына 6 және одан көп рейс орындайды. Бір бағытқа тариф құны — 16 мың теңге. 

Алматыдан «Южное небо» әуе компаниясы мамырдан қазан айына дейін 4 және одан көп рейс орындайды. Бір бағыт бойынша тариф құны — 14 мың теңге. 

Өскеменнен « небо» әуе компаниясы жыл бойына аптасына 1 рейстен атқарады. Тариф құны – 10 мың теңге.

Үшарал бағытында: Нұр-Сұлтаннан Үшаралға «Qazaq Air» әуе компаниясы аптасына 4 және одан көп рейс орындайды. Тариф құны – 16 мың теңге. 

Алматыдан Үшаралға «Южное небо» әуе компаниясы аптасына 6 және одан көп рейс орындайды. Тариф құны – 10 мың теңге. 

Талдықорғаннан Үшаралға «Жетысу» әуе компаниясы аптасына 4 және одан көп рейс орындайды. Тариф құны 8 мың теңге болады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір