Ақышев: Біздің алдымызда сақтандыру нарығын реттеуді жетілдіруге қатысты бірқатар міндеттер тұр

18:40, 22 мамыр 2018

Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz – Біздің алдымызда сақтандыру нарығын реттеуді жетілдіруге қатысты бірқатар міндеттер тұр. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында ҚЕУРОБҚ өкілдерімен болған кездесуде Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтып берді.

«Сақтандыру нарығын реттеуді жетілдіру жөніндегі міндеттердің ішінде заңнаманы халықаралық практикаға сәйкес жетілдіру, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетіктерін жасау, Қазақстанның ДСҰ-ға және ЕАЭО-ға кіруін ескере отырып, сақтандыру нарығына қатысушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бар», – деді Д. Ақышев.

Ол заңнамалық бастамалар шеңберінде Парламенттің онлайн-сақтандыруды енгізуді, туроператордың жауапкершілігін сақтандырудан туристің өзін сақтандыруға өтуді, жүктелген сақтандыруды енгізуді, сақтандыру омбудсманының қызметін кеңейтуді, сондай-ақ өмірді сақтандырудың әлеуметтік маңызды өнімдері бойынша қосымша кепілдіктер енгізуді қарайтындығын атап өтті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!