Ақтөбеде лифт шығаратын зауыт құрылысы басталды

12:36, 22 мамыр 2019

Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz – «Ақтөбе» индустриалды паркінде 202 млн теңгеге белорусиялық лифт жабдықтарын құрастыру зауытының құрылысы басталды.

«Ақтөбе» ӘКК мәліметіне сәйкес, кәсіпорын 2019 жылдың қараша-желтоқсан айларында іске қосылады. Жақын арада іргетасын қалау және алдын-ала дайындалған рамалық конструкцияны орнату жоспарлануда, ғимарат қабырғалары сэндвич-панельдерден көтеріледі.

«Жобаны жүзеге асыру 202 млн теңгеге бағаланады. «Жігер Ақтөбе» және «QazBel Лифт» компаниялары өз қаржысының 100%-ын жобаға салады. Кәсіпорынның қуаты – жылына 300 лифтке дейін», — деп қосты корпорацияда.

Шығарылатын өнімді ішкі нарықта сату жоспарланып отыр.

«Қазақстандық нарықтың 60-70% — ын отандық құрастырылған лифті жабдығымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Мұнда 20 жұмыс орны ашылады. Бастапқы кезеңде құрастыру цехы ашылады, барлық құрамдауыштар Беларусь Республикасынан жеткізіледі», – деп атап өтті ұйымда.

Сонымен қатар, «QazBel Lift» компаниясының өкілі Виктория Филиппова-Федина хабарлағандай, қазіргі уақытта олар екі цехты жабдықтауға дайын.

«Бірінші лифтті желтоқсан айында шығаруды жоспарлап отырмыз», – деп түйіндеді ол.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!