Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды
Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – Самара-Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза болды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ақтөбеде Өзбекстан азаматтары мінген автобус өртенді.
«Алдын ала мәлімет бойынша, бүгін Астана уақытымен сағат 10:30-да Ырғыз ауданының Қалыбай ауылына жақын маңда автобустан өрт шықты. «Икарус» маркалы автобус ішінен шыққан өрт салдарынан 52 жолаушы көз жұмды. 5 жолаушы өрттен шығып үлгерген. Олардың барлығы Өзбекстан азаматы. Оқиға орнына өрт сөндіруге арналған 2 техника мен 8 адам жіберілді. Бұл жер облыс орталығынан 320 шақырым қашықтықта орналасқан»,- деп хабарлайды Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық ТДЖ мен облыс әкімінің орынбасары жедел штаб құрды. Жедел желі іске қосылды. Оқиға орнында полиция, құтқарушылар мен психологтар, дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл