Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды

16:54, 24 маусым 2019
392

Алматы. 24 маусым. 7kun.kz — Ақтөбе қаласының әкімі болып Мавр Абдуллин тағайындалды. Бұған дейін ол облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Мавр Абдуллин бұл лауазымда Ілияс Испановты ауыстырды.

Мавр Ерғалиұлы Абдуллин 1973 жылы туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Ойыл аудандық (Ақтөбе облысы) ДЭУ-40 ұйымында бастаған. Ойыл ауданында жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

2012 жылдан 2015 жылға дейін — Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімі.

2015-2017 жылдары — Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі.

2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!