АҚШ 10 жыл бойы әлемдік банктерге 243 млрд доллар айыппұл салған

15:35, 21 ақпан 2018
300

Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz — Keefe, Bryuette & Woods баяндамасына сәйкес, американдық реттеушілер 2008 жылғы қаржы дағдарысынан бастап әлемдік банктерге жалпы көлемі 243 млрд доллар айыппұл салған.

MarketWatch есебі бойынша, айыппұлдардың басым бөлігі АҚШ жылжымайтын мүлік нарығының құлдырауына дейін сатылған ипотекалық активтердің сапасына қатысты инвесторлардың алдауымен байланысты болып отыр.

Bank of America өтемақы төлемі бойынша көшбасшы болып есептеледі. Соңғы 10 жылда банк 76,1 млрд долларға айыппұл төледі. Екінші орында JPMorgan Chase банкі тұр. Оның көрсеткіші  43,7 млрд долларды құрады. Ал, үшінші орында – Citigroup. Бұл банк 19 млрд доллар айыппұл төлеген.

Ең көп қаражат төлеген шетелдік банктер арасында Deutsche Bank (14 млрд доллар) пен Royal Bank of Scotland (10,1 млрд доллар) екені анықталды. Сондай-ақ, 6 млрд доллардан астам айыппұлдарды BNP Paribas, Credit Suisse және UBS төледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!