АҚШ уран импортына да баж салығын көбейтуі мүмкін

12:44, 19 шілде 2018

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz – АҚШ уран импортына да баж салығын көбейтуі мүмкін. Трапм әкімшілігі елге келетін уран ұлттық қауіпсіздікке қатер тигізеді деп санайды. Сол себепті уран саудасын тергеуге алмақ, деп хабарлайды Bloomberg.

Қаңтарда америкалық компаниялар сауда министрлігіне шағым түсірген. Онда Ресей, Қазақстан және Өзбекстаннан импортталатын уран ішкі өндірістің дамуына тұсау болып отыр делінген.

Елде америкалық компаниялар сұраныстың 5 пайызын, ал аталған үш ел 40 пайызын өтейді. Шағымданушылар енді ішкі нарықтың 25 пайызын алуды көздейді. Сондықтан имортты шектеуге қол жеткізбек.

Тергеу жұмыстары қашан басталатыны әзірге белгісіз.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!