Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Адалдық алаңы» жобасын іске қосты

18:38, 12 маусым 2019
810

Нұр-Сұлтан. 12 маусым. 7kun.kz — Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2019-2020 жылдарға арналған «Адалдық алқасы» жобасының жарғысына қол қойды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады. 

Құжатқа ҚР АҚДМ Жауапты хатшысы Жанат Қожахметов пен
агенттік Төрағасының орынбасары Олжас Бектенов қол қойды.

Жарғыда Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың түбегейлі жаңа үлгісін жүзеге асырады деп атап көрсетіледі. Бұл үдеріс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны, Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», сондай-ақ Президент Жолдауын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Тек соңғы жылдары ғана 60-тан астам заң қабылданды, олардың
әрқайсысы сыбайлас жемқорлықты азайтуға, соның ішінде «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және т.б.

«Адалдық алаңы» жобасының арнайы миссиясы күнделікті сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады.

Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму
министрлігінде пилоттық бағыттардың апробациясы мен жүзеге асырылуы негізінде құрылуда. Бұдан басқа, Министрлік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін негізгі факторларды анықтады. «Адалдық алаңы» жобасының негізгі бағыттары мен міндеттері осы факторларды жоюға негізделген. Жобаның негізгі бағыттары:
1) қолайлы орта (мемлекеттік қызметтердің сапалы түрде көрсетілуін
қамтамасыз ету);
2) дербес жауапкершілік;
3) ашықтық және қоғамдық бақылау;
4) мемлекеттік сатып алу;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет.
«Адалдық алаңы» жобасының шеңберінде белгіленген қызмет міндеттерін жүзеге асыратын жобалық топтарды қолдау және үйлестіруге бағытталған жоба кеңсесі құрылды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!